ترجمة سورة الطور

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

ترجمة معاني سورة الطور باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي.
من تأليف: جمعية خليفة الطاي الخيرية .

Турмен ант етемін,
әрі жазылған Кітаппен,
жайылған жұқа нәрсеге / жұқа теріге, қағазға /.
Әрі Байтул-Маъмурмен (бұл жетінші аспанда тұрғызылған Қағба секілді үй.Оғани күніне жетпіс мың періште кіріп, құлшылық етеді) ,
және биік көтерілген шатырмен,
және көтерілген теңізбен ант етемін!
Раббыңның жазасы / азабы / міндетті түрде түседі,
оны қайтарушы жоқ.
Ол күні аспан теңселіп шайқалады,
ал таулар қозғалып жылжиды.
Сол күні / Аллаһты әрі Оның Елшісін / өтірікке шығарушыларға үлкен қасірет болады,
сондай жалғанға сүңгіп, ермек етіп, ойнап жүргендерге!
Ол күні олар Жаһаннам отына күштеп итеріледі.
Оларға / :«Міне, осы - сендер өтірік санап келген От.
Ал, осы сиқыр ма екен, әлде сендер көрмей тұрсындар ма?
Оның ішінде жаныңдар! Енді шыдасаңдар да, не шыдамасаңдар да - сендер үшін бірдей. Сендерге істеп өткен амалдарыңның қайтарымы ғана беріледі», - делінеді.
Ақиқатында, тақуалар / Аллаһтың жа­засынан қорқып, сақтанушылар / Жәннаттағы бақтарда болып, игіліктерге бөленеді,
олар Раббысының өздеріне бергеніне қуанып, шат-шадыман болады. Әрі олардың Раббысы оларды Жахим азабынан сақтады.
Оларға: / «Істеген амалдарың үшін рахаттанып жендер, ішіңдер!» - делінеді.
Олар қатар тізілген көтеріңкі жайлы орындарда, сүйеніп отырады. Әрі Оларға көздері үлкен де әдемілерді / хурларды / қосамыз.
Әрі Біз өздері иманға келген және ұрпақтары да иманмен өздеріне ергендерді ұрпақтарымен қосамыз. Біз олардың амалдарынан еш нәрсені кемітпейміз. Әрбір адам өз жиғанының / амалының / тұтқыны.
Әрі, Біз оларға өздері қалаған жемістер мен еттерді / ет тағамдарын / қосамыз.
Ол жерде олар / сусын / толы кеселерді бір-біріне ұзатады, онда бос сөз сөйлеу де, күнә жасау да болмайды.
Оларға қабығы ашылмаған інжу секілді жасөспірімдер қызмет етеді.
Әрі олар бір-біріне қарап сұрасады.
Олар: «Негізінде, біз бұрын үй-ішімізбен болған кезімізде қатты қорқушы едік.
Аллаһ бізге игілік етті және бізді Самум (ыстық жел) азабынан сақтады.
Ақиқатында, біз бұрын Одан тілеуші едік. Анығында, Ол әл-Бәрр / аса Игі / , әр-Рахим / ерекше Мейірімді / »,- дейді.
Ей, Мұхаммед! / Естеріне сал! СенРаббыңныңигілігі арқасындабақсы-балгер әрі жын қаққан да емессің.
Не болмаса олар: «Ол - ақын. Біз оған заманның өзгеруін күтеміз», - дейді.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерденмін», - деп.
Оларға ақылдары осыны бұйыра ма, әлде олар шектен шыққан адамдар ма?
Әлде олар: «Ол оны / Құранды / ойдан шығарды», - дей ме? Жоқ, керісінше! Олар сенбейді.
Егер олар шын сөзді болса, осыған ұқсас / Құран секілді / хабар келтірсін.
Немесе олар еш нәрсесіз / өздігінен / жаратылды ма? әлде олар жаратушылар ма?
Не олар аспандар мен жерді жаратты ма? Жоқ! Олар нақты / айқын / сенбейді.
Немесе Раббыңның қазыналары оларда ма? Не олар басқарушылар ма?
Әлде олардың / көтеріліп / тыңдайтын сатылары бар ма? Онда олардың ішінен тыңдағаны анық бір дәлел келтірсін.
Немесе қыздар - Аллаһтікі, ал ұлдар - сендердікі ме?
Ей, Мұхаммед! / әлде сен олардан ақы сұрап, содан олар борышқа қалып, соны ауырсынып жатыр ма?!
Не оларда ғайыптың мәліметі бар болып, олар соны жаза ма?
Әлде олар айла-шарғы жасауды қалай ма? Ол айла-шарғыға сондай күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы шыққандардың / өздері ілінеді.
Әлде олардың Аллаһтан өзге, басқа құдайы бар ма? Аллаһ - олардың қосқан серіктерінен пәк!
Әрі олар егер аспанның бір бөлігінің құлап келе жатқанын көрсе де: «Бұл - шоғырланған бұлт», - дейді.
Ей, Мұхаммед! / Енді оларды, өздерінің жойылатын / қайта тірілу / күніне жолыққандарына дейін жайына қалдыр.
Ол күні Оларға айла-шарғылары ешбір пайда бермейді әрі Оларға ешкім көмектеспейді.
Анығында, әділетсіздерге оған дейін де азап бар, бірақ олардың көбі білмейді.
Ей, Мұхаммед! / Раббыңның үкімі келгенге дейін сабыр ет. Сөзсіз, сен Біздің көз алдымыздасың / қорғауымыздасың /. Әрі тұрған кезіңде Раббыңды мақтап, Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте.
Сондай-ақ, түннің бір бөлігінде және жұлдыздар көрінбей қалғанда да Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте.
سورة الطور
معلومات السورة
الكتب
الفتاوى
الأقوال
التفسيرات

سورة (الطُّور) من السُّوَر المكية، نزلت بعد سورة (السَّجْدة)، وقد جاءت بتحذيرِ الكافرين من تحقيقِ وقوع العذاب بهم؛ ترهيبًا لهم من عاقبة كفرهم، كما أبانت عن صفاتِ أهل التقوى التي ينبغي أن نتصفَ بها، وبيَّنتْ جزاءَ الكفار، وسُوءَ عاقبتهم التي ينبغي أن نَحذَرَ منها، و(الطُّور): هو اسمُ الجبل الذي كلَّم اللهُ عليه موسى عليه السلام.

ترتيبها المصحفي
52
نوعها
مكية
ألفاظها
312
ترتيب نزولها
76
العد المدني الأول
47
العد المدني الأخير
47
العد البصري
48
العد الكوفي
49
العد الشامي
49

* سورة (الطُّور):

سُمِّيت سورةُ (الطُّور) بهذا الاسم؛ لافتتاحها بقَسَم الله بـ(الطُّور)، و(الطُّور): هو اسمُ الجبل الذي كلَّم الله عليه موسى عليه السلام.

* كان صلى الله عليه وسلم يقرأُ في المغرب بـ(الطُّور):

عن جُبَيرِ بن مُطعِمٍ رضي الله عنه: «أنَّه سَمِعَ النبيَّ ﷺ يَقرَأُ في المغرِبِ بالطُّورِ». أخرجه ابن حبان (١٨٣٣).

* كان صلى الله عليه وسلم يَقرأ (الطُّور) وهو بجانبِ الكعبة:

عن أمِّ المؤمنين أمِّ سلَمةَ رضي الله عنها، قالت: «شكَوْتُ إلى رسولِ اللهِ ﷺ أنِّي أشتكي، فقال: «طُوفِي مِن وراءِ الناسِ وأنتِ راكبةٌ»، فطُفْتُ ورسولُ اللهِ ﷺ يُصلِّي إلى جَنْبِ البيتِ، يَقرَأُ بـ {اْلطُّورِ * وَكِتَٰبٖ مَّسْطُورٖ}». أخرجه البخاري (٤٨٥٣).

1. تحقيق وقوع العذاب (١-١٦).

2. صفات أهل التقوى (١٧-٢٨).

3. مزاعمُ باطلة (٢٩-٤٦).

4. عاقبة المكذِّبين، وحفظُ الله لرسوله صلى الله عليه وسلم (٤٧-٤٩).

ينظر: "التفسير الموضوعي لسور القرآن الكريم" لمجموعة من العلماء (7 /468).

يقول البِقاعيُّ مشيرًا إلى مقصدها الأعظم - وهو إثبات وقوع العذاب بمَن عصى وكفَر -: «ومقصودها: تحقيقُ وقوع العذاب، الذي هو مضمونُ الوعيد المُقسَم على وقوعه في (الذَّاريَات)، الذي هو مضمون الإنذار المدلول على صدقِه في (ق)، وأنَّ وقوعه أثبَتُ وأمكَنُ من الجبال التي أخبر الصادقُ بسَيْرِها، وجعَل دَكَّ بعضِها آيةً على ذلك، ومِن الكتاب في أثبَتِ أوضاعه؛ لإمكان غَسْلِه وحَرْقِه، ومن البيت الذي يُمكِن عامِرَه وغيرَه إخرابُه، والسقفِ الذي يُمكِن رافِعَه وَضْعُه، والبحرِ الذي يُمكِن مَن سجَرَه أن يُرسِلَه». "مصاعد النظر للإشراف على مقاصد السور" للبقاعي (3 /28).